**[Kyzylorda-news.kz.](https://kyzylorda-news.kz/) Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.** Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары қысым әсерінен күн ашық болады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауып, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Қызылорда облысының шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрады.
