Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков Ұлы Отан соғысының ардагері, 97 жастағы Сәрсенбек Байжанов қарияның шаңырағында болып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың және облыс әкімі Г.Әбдіқалықованың мерекелік құттықтауын табыстады.
Сәрсенбек Байжанов 1923 жылдың 1 мамырында Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Үлгілі елді мекенінде дүниеге келген.
1942-1944 жылдар аралығында Сталинградтың Солтүстік батысындағы «Магеллан» деген жердегі шайқасқа қатысқан.
Соғыстан кейінгі жылдарда Сәрсенбек Байжанов колхозда жұмысшы болды. 1950-1953 жылдар аралығында Түркістан педогогикалық училищесінде оқып, мұғалім мамандығын алып шыққан.
1963-1991 жылдар аралығында № 156 қазақ орта мектебінде 38 жыл мұғалімдік қызмет атқарды.
55 жасында мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шықты. Бүгінгі күні 11 баладан, 41 немере, 48 шөбере сүйіп отыр.
“Аспанымыз әрқашан ашық болсын деп күн сайын тілеп отырамын”, – деді қарт майдангер өзінің риясыз көңілін білдіріп.

