Kyzylorda-news.kz Қарағанды облысының әкімдігі Спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасындағы төбелеске қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр.

«Спорт басқармасына қатысты тараған ақпаратқа байланысты хабарлаймыз: басқарма қалыпты жұмыс режимінде қызмет атқарып жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.

Фото: Видеодан скрин

Тағы да оқыңыз: