Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданына қарасты Сәкен Сейфуллина аулында ауыл шаруашылығы саласы қарқынды даму үстінде.   Негізінен, аталған ауылдық округ бойынша 2023 жылдың 1 қаңтарына  ауыл тұрғындарынан 1496 бас ірі қара, 793 бас уақ мал, 734 бас жылқы, 86 бас түйе және 422 бас құстың есебі алынған болатын. Өткен жылмен салыстырғанда  елді мекенде мал басы 5,7 пайызға өскендігі байқалады.  

Жалпы, 2023 жылы  «С.Сейфуллин Жер» ЖШС – 940 га, "Құндызды Жер" – 730 гектар , «Жандос» ШҚ – 220 гектар, «Олжас»   Ш/қ  – 100 гектар күріш еккен болатын. Тұрмысы төмен, мүгедек,  аз қамтамасыз етілген отбасыларына қайырымдылық көмек тұрақты түрде беріліп отырады. 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" тақырыбындағы Жолдауында: "Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды. Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын.  Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда.  Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы.  Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек" деген болатын. Өз кезегінде Сәкен Снйфуллин елді мекеніде  ауыл шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келеді. Біз қай кезде де, ауыл шаруашылығы құрылымдарын айрықша қолдауға дайынбыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Сыр саласын егуде су тапшылығын болдырмауға барынша қолдау көрсетіледі, – деді Сәкен Сейфуллин ауылының әкімі Бекзат Қыдырбаев. 

Атап айтсақ,  Сәкен Сейфуллин ауылында шаршалық иелері мен атымтай жомарт азаматтар көпшілікке қайырымдылық көмек жасауда. Мәселен, "С.Сейфуллин Жер" ЖШС-гі 8 наурыз мерекесіне орай 7 отбасына, наурыз мерекесіне орай 11 отбасына, "Құндызды Жер"ЖШС-гі 5 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Мешіттің ұйымдастыруымен 5 отбасына 100 000 мың теңгеге  азық-түлік берілді. 1983 жылы туылған ауыл азаматтары елді мекендегі  мүгедек, тұрмысы төмен  2 отбасына 90 мың теңгеге азық-түлік алып берді. 1982 жылы туылған ауыл азаматтары  бір тұрмысы төмен  отбасына 60 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. "С.Сейфуллин Жер" ЖШС-гі тұрмысы төмен, мүгедек қызы бар отбасына тұрғын үй алуға қаржылай 2 000 000 теңге көмек берді.  

Жалпы, елді мекен бойынша 80 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер – 79.   Оның ішінде,  ЖШС – 2,  шаруа қожалық – 5, жеке кәсіпкерлер – 72-ні құрайды. 

Сәкен Сейфуллин ауылдық округі бойынша Ауылдық 1 адам «Қызылорда өңірлік инвестициялық» орталығы арқылы 5,0 млн теңге несие алып жұмысын жасауда. Жоба жетекшісі Райхан Маликова мал басын көбейтуде. Ал Ақерке Рақымжанова жылқы мал басын көбейту АҚҚ «Іскер» бағдарламасы 4,100  теңге алды. «Ауыл аманаты» бойынша 2,5 пайызбен несие алуға тіркелгендер 19 адам  сананалаы.    "Бастау бизнес" курсына оқуға тіркеліп, 4 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, жұмыс жасауда.  Мал басын көбейту бойынша Марат Бодыбаев МІҚ, Төлеген Қожаев МІҚ, Алмас Жұмаділов СТО ашуға, Жетібаева Салтанат жұмыссыз, жылқы басын көбейтуге мүдделі.

 

Тағы да оқыңыз: