maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz Екінші дүниежүзілік соғыс сөз болғанда, ойға оралатын осыбір ойлы туынды көпке таныс. «День Победы» аталатын бұл әнсіз ешбір салтанат, шеруді елестету мүмкін емес. Жігерді жанып, отты күндерді көз алдыңа келтіретін шығарманың өз тарихы бар.


– Алғаш ән Жеңістің 30 жылдығы тойланғанда шырқалады. Айтулы датаға арнап, жазылған ән тыңдарманын толқытып, жанарына жас үйіреді. 1975 жылы КСРО композиторлары арасында өткен ән байқауынан қатысқан тынысты туындының авторлары да бүгінгідей танымалдыққа ие болатынын білмесе керек-ті, – дейді қазалылық әнші Сәкен Қуандықұлы. 


Оның айтуынша, бұл кезде басқа қатысушылар сынды ақын Владимир Харитонов пен композитор Давид Тухманов турылған туынды керемет тандем түзеді. Сахнаға бірінші болып, композитордың жары, әнші Татьяна Сашко шырқап шығады. 


– Бір қызығы, әділ-қазы құрамындағылар маршқа тым жеңілтек ән, күшті және әлсіз, ырғақтардың алмасуында батыс музыкасына еліктеу бар деген сынды айтады. Сондай-ақ, атақты әншілерге оны орындауға тыйым салады. Ал, 9 мамыр қарсаңында дайындалған жаңажылдық телебағдарламада ән таңдалып, Леонид Сметанников орындап шығады. «Көгілдір алау» аталатын бағдарламадан соң, халықтың редакцияға жолдаған хаттарында толас болмайды. Сол жылдың қараша айында әнге жаңаша өң беріп, өз өңдеуін енгізген Лев Лещенко болады. Әнші орталық телеарна басшыларынан рұқсат алмай, жаңа нұсқада айтады. Сол кезден бастап, «День Победы» қастерлі мұраға айналды. Қазір Кеңестік одақ құрамында болған елдермен бірге алыс шетелдердің тілдеріне аударылған ән жарты әлемге таныс. Осы әнді әркез мерекелік шаралар кезінде шырқағанда кәдімгідей көңіліңді мақтаныш кернейді, – дейді Сәкен Жүсіпов.


Оның ойынша, өміршең өнер иелері тудырған танымал туынды шаттық жыры ретінде әлі талай бейбіт күнде шарықтап  шырқала береді.

Тағы да оқыңыз: