Kyzylorda-news.kz. Шиелі ауданындағы «РУ-6» кен басқармасының қызметкерлері аймақтағы әлеуметтік салаға көп қолдау білдіріп келеді. Өндірістік мекеменің бас директоры Дәуіржан Ысқақов бұған дейін де жақсылық жасаудан қалыс қалған емес.

Мәселен, індеттің шарықтау кезінде мектеп оқушыларын онлайн оқыту кезінде Шиелі ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы №127 орта мектеп-лицейіне планшеттер сатып алынды. Уран өндірушілер жаңа оқу жылының қарсаңында да аудандағы аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардың балаларына мектепке қажетті оқу құралдары мен мектеп формаларын алып берген болатын.

Кәсіпорынның кадр бөлімінің басшысы Роза Мавлюдинова Бәйтерек ауылдық округіндегі 10 оқушыға оқу құралдарын алуға 50 мың теңгелік сертификат табыстады. Дәл осындай сертификат аудандағы көпбалалы ана Ж.Балғабаеваға да берілді. Жалпы айтқанда, шиеліліктер қайырымдылық шараларынан, оның ішінде республикалық деңгейде өткізілетін шаралардан шет қалған емес.

«РУ-6» кен басқармасының Қарамұрын кенішінің директоры Азамат Пірмағанбетовтың айтуынша, жуырда аталған кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлері өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындарына 2,5 тонна күріш жөнелткен.

Тағы да оқыңыз: