Kyzylorda-news.kz Танымал тележүргізуші Руслан Өтепбай Түркістан облысында 17 жыл бойы туған ағасында құлдықта болған апалы-сіңлі Құндыз бен Назгүлдің қазіргі жағдайын көрсетті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист апалы-сіңлі қыздармен бірге фотосессия ұйымдастырған.
«Бізге келгенде қыздар қандай еді? Бір жылда қалай өзгерді? Құндыз бен Назгүлдің өзгерісіне баға беріп жіберіңіздерші. Күтім мен жылықабақ болса, жайқалмайтын қыз жоқ бұл әлемде…» – деп жазды тележүргізуші.
Еске салайық, былтыр Түркістан облысында апалы-сіңлі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болғаны хабарланған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары «Көреміз» бағдарламасында айтқан.
Фото: ашық дереккөз