Kyzylorda-news.kz. «Рухтастар Cases» диалог алаңының қонақтары Желтоқсан оқиғасының куәгері, «Теміржол» филиалының атқарушы хатшысы Б.Танбаева, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері М.Дауылбай және қандас жас ақын Ж.Бақытәлі жастармен кездесті.

«Отан қымбат! Ештеңе жоқ, одан қымбат!» тақырыбында өткен кездесуде кеш қонақтар туған жерді сүюге, ел тарихын біліп, тәуелсіздігін қастерлеуге, Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендету жолында жұмыс жасайтын білімді ұрпақ болуға шақырды.

Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың. Отанға деген махаббат сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі.

Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, өз еліміздің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімізді қосайық, - деді Б.Танбаева.

Сонымен қатар ақындар өз шығармаларынан патриоттық рухтағы өлеңдерін оқып, жастармен пікір алмасты.

324427290_1294784261090663_8185919977785038908_n.jpg

Тағы да оқыңыз: