Kyzylorda-news.kz Қазақ актері және сценарист Рүстем Омаров әйгілі Джеки Чанның халықаралық жобасы – «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне қатысатыны белгілі болды.

Бұл – аты аңызға айналған «Доспехи Бога» (Armour of God) экшн-франшизасының жаңа бөлімі. Жаңа фильмде Рүстем Омаров тек актер ретінде ғана емес, сценарист ретінде де жұмыс істейді.

«Бала кезімнен Джеки Чанның фильмдерін көріп өстім. Енді онымен бір жобада жұмыс істеу – мен үшін үлкен мәртебе», – деді Рүстем Омаров.

Бұл жаңалық – қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен жетістік және халықаралық деңгейдегі жаңа мүмкіндіктердің бастауы болып отыр.

Тағы да оқыңыз: