Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданы Темірбек Жүргенов ауылында «Тәуелсіздік жалаугері - Жүргенов» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.

Жазба ақындар мүшәйрасын жазушы, публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қойшыбаев Бейбіт Орынбекұлы ашып беріп, қазылар алқасына төрағалық етті. Қазылар алқасының құрамында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Есімсейітова Қаршыға Құрмашқызы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахетов Қуат Адисұлы бар.

Ел мақтанышына еске алуға арналған шарада іріктеуден өткен 14 жазба ақын өнер көрсетті.

Темірбек Қараұлының өмірін өлеңмен өрнектеген таланттылар тартысында Қызылордалық Мақсат Дауылбай, Ұлытау облысынан келген Дәуренбек Бұлданбаев, Алматы облысынан келген Нұрлыбек Саматұлы жыр бәйгесінен жүлделі ІІІ орын иеленді. Жалағаш ауданының жас ақыны Жасұлан Серік жүректі жырымен жүлделі ІІ орынға лайық деп танылды. Павлодар облысынан келген Нарқұлан Райханұлы І орынды қанжығасына, Сыр өңірінің азулы ақыны Дүйсенбек Аяшұлы бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, жерлесіміз Елена Әбдіхалық Темірбек Жүргенов атындағы арнайы жүлдеге ие болды.

Тағы да оқыңыз: