Kyzylorda-news.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқаулығына сәйкес 28 ақпан – 2 наурыз аралығында республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандар тарапынан кешкі және түнгі уақытта жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесу, олардың құқықтарын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, сондай-ақ балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу.
Іс-шараның екі күнінің қорытындысымен барлығы 221 әкімшілік хаттама рәсімделді. 12 кәмелетке толмаған ішкі істер органдарының есебіне алынды. Қадағалаусыз және панасыз қалған 1 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша:
• ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы (ата-аналардың немесе заңды өкілдердің бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамауы) бойынша 19 ата-анаға хаттама толтырылды.
• 127-2-бап (кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу – буллинг, кибербуллинг) бойынша 1 дерек анықталып, ата-анасына хаттама рәсімделді.
• 132-бап (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) бойынша 15 құқық бұзушылық анықталып, мекеме иелері мен әкімшілік өкілдеріне шара қолданылды.
• 423-1-бап (21 жасқа толмаған адамдарға темекі және темекі бұйымдарын сату) бойынша 1 дерек тіркелді.
• 435-бап (кәмелетке толмағанның ұсақ бұзақылығы) бойынша 2 дерек анықталып, заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.
• 437-бап (түнгі тыныштықты бұзу) бойынша 3 дерек тіркелді.
• 442-бап (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруі) бойынша барлығы 175 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне әкімшілік хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамайтын 15 ата-ана профилактикалық есепке алынды.
