Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда қаласында ел тарихындағы екі маңызды белес — Қызылорданың астана болғанына 100 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Дәуірлер тоғысындағы Сыр өңірі: тарих және тағылым» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады.

Конференциясы аясында республикалық ғылыми-сарапшылық кеңестің отырысы өтуде.

Отырысты республикалық ғылыми-сарапшылық топтың мүшесі Майнура Бөрібаева жүргізді.

Кеңес жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, әлеуметтану ғылымдарының докторы, Ғылыми-сарапшылық кеңестің төрағасы Айгүл Сәдуақасова қатысып, мазмұнды баяндама жасады.

Өз сөзінде ол жастарды этносаралық қатынастар саласына белсенді тарту, жаңа цифрлық ортада сарапшылық қызметті жандандыру және жас ғалымдардың ғылыми кеңес жұмысына қосылуының маңызын атап өтті. Сонымен қатар этнодемографиялық және этнодинамикалық үрдістерді зерттеу, ғылыми жобалар арқылы қоғамдағы келісім мен бірлікті нығайту бағытындағы жұмыстарға тоқталды.

Айгүл Кәкімбекқызы кеңестің ұлт қалыптастыру ісіндегі ғылыми негізге сүйенген бастамалары мен қоғам дамуына қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтіп, бұл бағыттағы жүйелі жұмыстардың жалғасын табатынын жеткізді.

2.jpg

Тағы да оқыңыз: