Kyzylorda-news.kz. Бүгінде жасыл экономика 21 ғасырдағы елдердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі екінін дәлелдеп келеді. Қазақстан да бұл үрдістен тысқары қалмай елде жасыл технологияларды енгізу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Әсіресе білімді, жаңашыл жастардың жасыл технологияны игеруде қолдау көрсету мақсатында бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. 

Соның дәлелі, Астана қаласында өткен «Жасыл технологиялар баланың көзімен» атты республикалық байқауда Қармақшы ауданы А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ақтілек Төлен және георгафия пәнінің мұғалімі Нұргүл Джұбанова республикалық байқаудың Үздік «жасыл» номинациясында жүлделі 3 орынды иеленді. 

Астана қаласында өткен іс-шараға арнайы барып, ҚР Экология геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Б.Сүлейменованың қатысуымен марапатталып қайтты. Жүлдегерлерді №105 мектеп-лицейінің директоры Г.Еркебаева арнайы қабылдап, ризашылығын жеткізді. 

Жалпы ұйымдастырушылардың мәліметінше, қоғамда балалардың табиғатты қадірлеп ұстауға, жасыл технологияларды ендіруге, қоқысты өңдеуге бағытталған жаңа жобаларға қолдау көрсету болып табылады. 

39.jpg38.jpg
 

Тағы да оқыңыз: