Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 25 қазан – Республика күніне орай «Қоғамдық тұрақтылық: біріктіруші факторлар мен жаңа саяси жағдайдағы трендтер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің басшысы Нұрлыбек Мыңжас, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Айтжан Оразбақов, заң ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Қуаныш Жарекеев және білім алушылар қатысты.

Кездесу барысында Республика күнінің тарихи маңызы, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу кезеңдері және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ететін негізгі құндылықтар сөз болды. 

Спикерлер ел бірлігі, азаматтық келісім, заң үстемдігі мен саяси мәдениеттің қоғамның орнықты дамуындағы рөліне тоқталды.

Сондай-ақ қазіргі саяси үдерістер, жастардың азаматтық белсенділігі мен қоғамдық жауапкершілігі, ұлттық мүдде және құқықтық сауаттылық мәселелері талқыланды. 

Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында жалғасып, білім алушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. 

Іс-шара жастардың тарихи танымын кеңейтіп, азаматтық ұстанымы мен саяси-құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталды.

Қоғамдық тұрқтылық ел дамуының негізі 2.jpg

Тағы да оқыңыз: