Kyzylorda-news.kz Республика күні мерекесі қарсаңында Сырдария ауданында «AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толығып, бірқатар азаматқа партиялық билеттер табысталды.
Қабылдау барысында «AMANAT» партиясының партиялық билеттері мәдениет, білім саласында еңбек етіп жүрген белсенді азаматтарға табысталды. Олар аудан дамуына, партиялық жобаларды жүзеге ынталы екендіктерін айтты.
Саяси мәні зор іс-шараға партияның аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, партия филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Алмас Есназар және Марат Бакуов қатысты.
Партия филиалының төрағасы Ержан Әжікенов жиынға қатысушыларды Республика күнімен құттықтап, алдағы уақытта партия бастамаларына қолдау білдіріп, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатындықтарына сенім білдірді.