Kyzylorda-news.kz. Балалар жылы аясындағы атқарылған істердің ауқымдысы ретінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен салынып жатқан ойын алаңдарын айтуға болады. Аталмыш мереке қарсаңында құрылысы жүріп жатқан 80 ойын алаңының 67-сі пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

«Ұлттық мереке қарсаңында автобус паркі жаңа 40 автобуспен толықтырылады. Сонымен қатар Қызылорда қаласында 300 орындық жеке балабақша, Жаңақорған ауданының орталығында демалыс паркі, Жалағаш ауданында 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебі ашылады деген жоспар бар. Республика күні аясындағы игі бастамалармен аудан халқы да қамтылады. Нақты айтқанда, Жалағаш ауданының Таң ауылында дәрігерлік амбулатория, Арал ауданының Қамыстыбас елді мекенінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылады», - деді Нұрымбет Аманұлы.

Мерекелік іс-шаралар азаматтардың жағымды көңіл-күйін қалыптастыруға, тұрақтылықты, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етуге тиіс.

Ұлттық мереке ретінде күнтізбеге енген Республика күнінің аясында әлеуметтік желілерде «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясы бастау алды. Акция патриоттық өлеңдер жариялау, көркем суреттер байқауы және ерекше видео құттықтаулар жазу секілді үш бағытты қамтиды. 

«Ерекше атап өтуіміз қажет, 20-22 қазан аралығында «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мерекелік іс-шаралары, 25 қазанда дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтау, орталық алаңда мерекелік концерт және жастар акциясы ұйымдастырылады. Мерекелеудің негізгі арқауы – республика мен ұлт үшін пайдалы істерге ұлтты ұйыстыру. Осы сәтті пайдалана отырып, сіздерді тағы да Республика күнімен құттықтаймын және ауқымды жобаларды бірлесіп атқаруға шақырамын», - деді облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов.

311584647_1645089665886539_8375782846820544800_n.jpg

Тағы да оқыңыз: