Kyzylorda-news.kz. Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы келісімдер шеңберінде 7 шілдеде елге COVID-19-бен күрес бойынша тәжірибесімен бөлісетін ресейлік дәрігерлер делегациясы келді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

Сонымен қатар, А.Цой 8 шілдеде Ресей Федерациясынан гуманитарлық көмектің Қазақстанға келгені туралы республиканың барлық өңірлеріне бірдей бөлінген 30 мың дана қорғаныш киім жиынтығы түрінде хабардар етті.
Салалық министрліктің басшысы сондай-ақ Ресей Үкіметінің резервтік қорынан дәрі-дәрмек, жеке қорғану құралдары мен медициналық бұйымдарды сатып алу шығындарын төлеуге 150 млн рубль бөлінетінін хабарлады.

Тағы да оқыңыз: