Kyzylorda-news.kz Елордада өтетін RES 2026 халықаралық экологиялық саммитіне қатысу үшін бірқатар мемлекет басшылары мен үкімет өкілдері Қазақстанға келді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Өзбекстан Президенті.jpg

Шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадов және Грузия Президенті Михаил Кавелашвили қатысады. Саммит 22-24 сәуір аралығында өтеді.

Лидеры стран продолжают прибывать в Астану на экологический саммит2.jpg

– Халықаралық RES 2026 экологиялық саммиті аясында мемлекеттер арасындағы экологиялық ынтымақтастықты нығайту және тұрақты даму мәселелері талқыланады, – делінген ресми ақпаратта.

Лидеры стран продолжают прибывать в Астану на экологический саммит1.jpg

Ауқымды іс-шара барысында қоршаған ортаны қорғау, климаттық өзгерістерге қарсы іс-қимыл және «жасыл» технологияларды дамыту бағыттары күн тәртібіне шығарылады.

Фото: gov.kz

ҚР Үкіметі

Тағы да оқыңыз: