Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданының тұрғындары таңғы сағат 7.00-ден бастап өз референдум учаскелеріне келіп, белсенділік танытуда.

Әйтеке би кентіндегі №57 референдум учаскесі бойынша бірінші болып Бақыт Үсенов дауыс берді. Ол ел болашағы үшін өз таңдауын жасауға асығып, ерте келгендігін айтады.

Ал, 65-ші референдум учаскесі бойынша алғашқылардың бірі болып Мұхтар Конкиев дауыс берді.

№57 референдум учаскесі бойынша ең бірінші болып келіп, азаматтық белсенділік танытқаны үшін Бақыт Үсеновтың иығына қазақтың бағалы сыйлықтарының бірі шапан жабылса, Мұхтар Конкиевке естелік сыйлық табыс етілді.

Тағы да оқыңыз: