Kyzylorda-news.kzҚазіргі таңда елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата заңға өзгерістер енгізу мақсатындағы жалпыхалықтық референдум өткізу туралы ұсынысы қызу талқыланып жатқанын көріп, мен де өз пікірімді білдірейін деп шештім. Әрине, пікір әртүрлі болғанымен, түбінде бәріміз де Қазақстанның болашағының жарқын болуына мүдделіміз.

Мемлекет басшысының Ассамблея сессиясында: «Екінші Республиканы бірге құрамыз, Жаңа Қазақстанда әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз» деп атап көрсетуі халықтық демократияның көрінісі деуге болады. Президенттің бұл сөздерінен елдегі күрделі мәселелерді шешуде соңғы сөзді халықтың өзіне қалдыруы Қазақстандағы үлкен өзгерістердің бастамасы болады деп ойлаймын. Себебі бұл – демократиялық әділ қадам, яғни халық өз тағдырын өзі шешеді.

Сонымен алдағы референдум аясында Ата заңымыздың 33 бабына түзетулер енгізілмекші. Бұл дегеніміз – еліміздің ең басты құжатының үштен бірі өзгереді деген сөз.Баршаңызды референдумға қатысуға, дауыс беруге шақырамын7

И.Нарзілдаұлы,

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы

Тағы да оқыңыз: