Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысындағы референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды.
Облыс орталығына аумақтық референдум комиссияларынан келіп түскен мәліметтерге сәйкес, өңірде дауыс беруге қатысқандар саны – 369909. Бұл тізімге енгізілген дауыс берушілердін жалпы санының 79,89% құрады.
Қазіргі таңда дауыс беру бюллетеньдері саналуда. Қорытынды ақпарат алдағы уақытта ұсынылады.
