Kyzylorda-news.kz 6 қазан - республикалық референдум. Маңызды күнде Қызылорда өңірінің азаматтары дауыс беруге белсенді қатысуда.
Дауыс беру күніне дейін өзге өңірден келген немесе басқа да себептермен өз учаскесінен тыс жерде дауыс беруге ниет білдірген азаматтар учаскелерден есептен шығару куәліктерін алды.
Аймақта 165 азамат есептен шығару куәлігін алуға өтініш жазған. Оның 87-і Қызылорда қаласынан, 78-і аудандардан алған.
Еске салайық, референдум күні облыс бойынша 492 380 азамат дауыс беруге құқылы.
Өңірде азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 179 онлайн сервис жұмыс істейді. Сондай-ақ, азаматтарды уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 онлайн учаске бар.
Облыста 380 референдум учаскесі жұмыс істейді. Мұнда 2652 комиссия мүшелері қызмет атқарады.