Kyzylorda-news.kz Қалалық қоғамдық даму бөлімінің «Қала көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған насихаттық шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында «Жігер» Қызылорда облысы бойынша мүгедектер қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, республикалық ақпарттық-түсіндіру тобының мүшесі Сәкен Алдашбаев «Рухани-адамгершілік құндылықтарды, ұлттық дәстүрлер мен мәденитетті насихатау», «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл» тақырыбында ҚАЖ департаментіне қарасты №60 түзек мекемесінде болып, жазасын өтеушілермен топтық кездесу өткізді.
Кездесу барысында қазақ салт-дәстүрлерінің шығу тарихы жайында түсіндіріп берді. Мәселен, босағада тұрып керегені керу, тұсау кесу, қойдың омыртқасын немесе тұзды үйге ілу т.с.с дәстүрлердің дінмен еш байланысы жоқ болса, тасаттық беру, бейсенбі-жұма күндері жеті шелпек тарату сияқты дәстүрдің Ислам дінінен бастау алғандығын атап айтты.
Кездесу соңында Сәкен Алдашбаев 3 жазасын өтеушіні жеке қабылдап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап берді.