Kyzylorda-news.kz Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі төтенше жағдай су тасқынына байланысты үндеу жариялады.
Мемлекет басшысы тосыннан келген су тасқынына байланысты жағдайдың мемлекет назарында екендігін, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еліміздің әрбір аймағынан келген волонтерлердің көмектесіп жатқандығын, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайтындығын және су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қаржылық және басқа да көмек көрсетілетінін айтып өтті. Төтенше жағдайды шұғыл шешу үшін Үкіметке және жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырмаларды берді. Бақытты болашақтың кілті бірлікте. «Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір» демекші біз де бұл қиын жағдайға бейжай қарамай ұйымның атынан су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға белгілі бір көмек қолын созуды жоспарлап отырмыз. Президент сөз соңында тасқынмен күресте аянбай қызмет етіп жүрген құтқарушылар мен аянбай көмек қолын созып жатқан волонтерлердің еңбегін атап өтіп, алғыс білдірді.
Қазір уақытта тасқыннан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсету үшін облыстағы «Жастар орталықтары» жанынан, сауда үйлері мен базарлардан пункттер ашылған. Бұл бастаманы Сыр өңірінің жанашыр азаматтары мен еріктілер, студенттер қолдап, өз үлестерін қосуда.
Расул БАЗАРХАНҰЛЫ,
«Қазақстан студенттерінің Альянсы» республикалық студенттер қозғалысы»
Қызылорда облыстық филиалының төрағасы
