Kyzylorda-news.kz  2025 жылғы 15-17 қыркүйек аралығында Қызылорда облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАНТ) мүшесі, теолог Арман Қуанышбаевтың қатысуымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Шаралар «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан әлеуметтік жоба аясында ұйымдастырылды.

Іс-шаралар барысында Арман Қуанышбаев қала мешіттерінде жамағатпен жүздесіп, дін мен дәстүр, діни сауаттылық және рухани құндылықтар жөнінде тағылымды уағыздар айтты. Сонымен қатар, жастармен, мәдениет және спорт саласы өкілдерімен, жазасын өтеушілермен және дін қызметкерлерімен кездесулер өтті.

Кездесулерде радикалды идеологиялардың алдын алу, діни тұрақтылықты сақтау, рухани иммунитет қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері кеңінен қозғалды.

Сапар дін қызметкерлеріне арналған семинармен аяқталып, имамдардың кәсіби біліктілігін арттыру мен қоғаммен тиімді байланыс орнату жолдары талқыланды. Үш күндік жұмыс Сыр өңірінің рухани тынысын жаңғыртып, діни тұрақтылықты нығайтуға оң әсер етті.

Тағы да оқыңыз: