Kyzylorda-news.kz. Президентіміздің бүгінгі Жолдауында «Біз өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті», – деді.
Ендігі тұста еліміздің саяси жүйесін жаңғырту арқылы халықтың мүддесін бірінші орынға қою керектігін дөп басып айтты. Бұл тұста біз, жастар қауымы Мемлекет басшысын толықтай қолдаймыз.
Еліміздің өркендеп, өзгеру жолындағы әрбір бастамасына өз ықпалымызды тигіземіз.
Рагиб АДИЛХАНОВ,
Қызылорда облыстық ҚХА волонтері
