Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы әкімдігінің интернет-алаңы – жаңа «Сыр бірлігі» өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының жобасымен толықты. YouTube арнасындағы жаңа медиялық өнімнің негізгі миссиясы – өңір тұрғындары арасында бірлік, келісім және бейбітшілік идеясын нығайту.

«Жасампаз 25 жыл» бөлімінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы, фестивальдер, мәдени күндер, онлайн-концерттер, ұлттық тұрмыстың виртуалды көріністерінен және т.б. материалдар қамтылған.

«Татулық тұғыры» бөлімінде аймағымызды мекендейтін түрлі этнос өкілдерінің дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, асханасы және олардың көрікті мейрамдары «Масленица», «Сабантуй», «Сольналь», «Остерн», «Песах» және тағы басқалары туралы білесіздер.

Облыстық ассамблеяның танымал өкілдерінің, белгілі жерлестеріміздің және табысты азаматтарымыздың халқымыздың тарихы, патриотизм, жетістікке жетудің жолдары туралы баяндары «Сырлы сұхбат» айдарында көрермендерге ұсынылады.

«Таным сағаты» мәдени-танымдық бөлім. Егерде қазақ халқының философиясын танып, тілін үйренемін, Абайдың шығармашылығын оқып, репрессия мен депортация тарихын білемін немесе бірлік пен келісім құндылықтары туралы онлайн-лекция тыңдаймын десең осы бөлімнен табасыз.

Қайырымды істер мен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы волонтерлік орталығының жұмысымен танысып, еріктілер мен белсенді жастардың карантин жағдайында қызылордалықтарға қолдауын көргіңіз келсе «Біз біргеміз» бөлімінде бар.

YouTube-арнасындағы «Сыр бірлігі» каналында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жасампаздыққа толы жылдарындағы ең айшықты және игілікті жұмыстары көрініс табады.

«Сыр бірлігі» – өңір тұрғындарын бірлік пен ынтымаққа және татулыққа шақырады.

Каналға жазылу үшін төмендегі сілтемені басыңыз.

Тағы да оқыңыз: