Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар 15 қаңтардан бастап Белкөл, Тасбөгет, Қызылжарма, Қосшыңырау, Қарауылтөбе, Ақжарма, Қызылөзек, Талсуат және Ақсуат ауылдық округ тұрғындарына ХҚО бармай-ақ «egov.kz», «egov mobile», «TelegramBot» мобильді қосымшалары арқылы уақытты үнемдеп, онлайн қызмет алу жолдарын түсіндіруде.

Айта кету керек, цифрлық сауаттылықты арттыру мақсатында алдағы уақытта басқа да ауылдық округтер мен қаламыздағы халық көп шоғырланатын орындарда, білім ошақтарында тұрақты түрде іс-шаралар өткізетін болады.

Тағы да оқыңыз: