Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен ата-аналары төтенше жағдай режимі кезінде үйде спортпен шұғылдануға шақырады.

Қызылордалық зияткерлер ата-аналарымен бірге отбасылық эстафеталар, үстел теннисі, тоғызқұмалақ және шахматтан кішігірім турнирлер ұйымдастыру арқылы күнделікті өмірлерін ерекше өткізуге тырысады.

«Коронавирустық пандемия кезінде отбасымызбен бірге өз қауіпсіздігіміз үшін үйден шықпауға тырысамыз. Әр күнімізді көңілді әрі пайдалы өткізу мақсатында ең үлкен бөлмені спорт залға арнадық. Өз қолымызбен үстел теннисін құрастырып, бүгінде бұл отбасымыздың барлық мүшелерінің сүйікті ісіне айналып отыр», – дейді ата-аналардың бірі Кенже Ажмолда.

Мұндай әрекеттерімен мектеп белсенділері барлық қазақстандықтарды спорттық челленджге қолдау көрсетіп, бос уақыттарын тиімді өткізуге шақырады.

Айта укету керек, алғашқы болып жаңа спорттық марафонды мәдениет және спорт министрлігі бастаған болатын. Бүгінде оның ауқымы кеңейіп, үйде бос отырмай, спортпен айналысуды қалайтындар саны артуда.

Тағы да оқыңыз: