Kyzylorda-news.kz. «Қоғамға қызмет» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілерін қонаққа шақырды.
NIS ұжымы достарына мектепті таныстырып, бірлескен спорттық ойындар өткізді. Оқушылар баскетбол, волейбол және эстафеталық достық ойындарын ойнап, көңілдерін көтерді. Алған әсерлерімен дастарқан басында бөлісіп, сыйлықтарын үлестірді.
Сонымен қатар «Атамекен» балалар ауылының тәрбиешілері зияткерлік мектеп педагогтерінің семинар-практикумына қатысты. Психолог Талғат Айтбай мен кураторлар Әсел Закирова мен Тимур Кудияров қатысушы-мұғалімдерге «Баламен жағымды қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдары» туралы ақпарат бере отырып, Skillfolio методикасындағы озық техникаларын таныстырды.


