Kyzylorda-news.kz. Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан 2004-2005 жылы туған жастар арасында ҚР чемпионаты өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде жерлесіміз Асқар Оразханұлы ядро итеруден І орынды жеңіп алды. Ол ядроны 15,66 метрге итеріп, қарсыластарынан басым түсті.

Жас спортшы биылғы жылдың қазан айында өтетін Азия чемпионатына қатысу үшін ұпай жинау жарыстарына қатысуда. Ел чемпионаты 24-қаңтарға дейін жалғасады.

Асқар Оразханұлы 2004 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол 9 жасында 4ОРМБЖМ-нің жеңіл атлетика бөлімшесіне Руслан Омаровтың тобына қабылданған.

Жеңіл атлет 2019 жылы Қарағандыда өткен ел чемпионатында кіші жасөспірімдер арасында чемпион болған. Сондай-ақ халықаралық жарыстардың чемпионы және жүлдегері.

Тағы да оқыңыз: