Kyzylorda-news.kz. Қызылорда гарнизонындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімінде кезекті жауынгерлік атыс өтті.

Жеке құраммен арнайы жауынгерлік тапсырмаларды орындамас бұрын, әдістемелік-нұсқаулық сабақтар өткізіліп, барлық қауіпсіздік шаралары жеткізілді. Сондай-ақ іс-қимылдар кезінде жеке қаруды шебер әрі тиімді пайдалануға айрықша назар аударылды. Жауынгерлік атыстар әскери бөлім жеке құрамының теориялық білімдерінің жетілуіне, қатарға жаңа қосылған жауынгерлердің тәжірибе алмасуына, қызметтік міндеттерін сапалы орындауына оң әсерін тигізеді.

Жауынгерлік атыстың мақсаты – әскери бөлім жеке құрамының жауынгерлік дайындық дәрежесі мен үйлесімділігін көтеру және жеке қару-жарақтарының жауынгерлік мүмкіндіктерін зерттеу.

«Жоспарға сай өтетін осындай жауынгерлік атыс дайындықтары жеке құрамның тәжірибелерін арттырып, нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік береді. Атысқа барлық санаттағы әскери қызметшілер тартылды. Бүгінгі атыстар кезінде бөлім офицерлері мен сержанттары жақсы даярлықтарын көрсете білді», – дейді әскери бөлім командирі капитан Жанболат Әкенов.

Жауынгерлік жоспарға сай өтетін осындай жауынгерлік атыстар бөлім жеке құрамының тәжірибелік білімдерінің дамуына көмегін берері анық.

Тағы да оқыңыз: