Қызылордалық жастардың бастамалары қолдау тапты – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық жастардың бастамалары қолдау тапты

19.12.2019, 10:00

582 0

Kyzylorda-news.kz. Биыл облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастар продюсерлік және дыбыс студиясы» ашылды. Студияны ашудағы мақсат-жастардың шығармашылығын дамыту және сыр жастарының имиджін қалыптастыру. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында жастар ресурстық орталығының директоры Бауыржан Мастеков мәлімдеді.

«ІТ парк аймағында жастар 3D студиясы, графикалық станция, 3D сканер,трекерлер бағдарламаларымен жұмыс жасауға үйретуде. Қазіргі таңда 70-ке жуық жас өз білімдерін дамытуда. Сонымен қатар, коворкинг залында жастардың қатысуымен спорт түрлерінен: шахмат, шашка, тоғыз құмалақ , үстел теннисі, әр түрлі бағыттағы ойындар және психологиялық тренинг сағаттары, арт-терапия жұмыстары жүргізілуде», – деді Бауыржан Қайырбекұлы.

Мұнан өзге, биыл Сыр жастарының қоржыны тағы бір жеңіспен толықты. Республикалық «Көңілді тапқырлар алаңы» телевизиялық жобасында Сыр елінің намысын ақтық мәреге дейін жеткізген «Қорқыт құрамасы» чемпион атанды.

0

Пікір қалдыру