Kyzylorda-news.kz. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шымкент қаласында республикалық «Күміс домбыра» жыр бәйгесі өтті. Аламан айтысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған суырып салма ақындар қатысты. Жастар арасында алғаш рет ұйымдастырылған өнер додасында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 4 курс студенті  Бексұлтан Орынбасар жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.

«Әрине қарсыластарым мықты болды. Бұл жерде біздің мақсатымыз  сөз таластыру емес, тыңдарманның көңіл түкпіріне ой салу. Тәуелсіз елдің ұланы ретінде еліміздің жеткен жетістігі мен жастарға берілген мүмкіндіктерді жырладым. Нәтижесінде жүлдегерлер қатарынан көріндім. Кеңдігемен танылған байтақ елімді жырлаудан шаршамаймын», – деді Бексұлтан Орынбасар.

Байқауға 30 үміткер өтініш берген. Оның 16-сы іріктеуге өтіп, 8 жұп бақ сынады. Жеңімпазға «Күміс домбыра» табысталып,  қалған қатысушыларға арнайы алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.

Тағы да оқыңыз: