Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық тұрғынның үйінен 352 мың теңге жоғалады. Оны шаңырағына келген қонағы ұрлап алғаны белгілі болды. Жәбірленуші полицияға мән-жайды айтып, шағым түсірген.

Полицейлердің жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол ҚПБ-на жеткізіліп, «ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

«Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: