Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының алаңында және партия филиалының фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы арқылы ұйымдастырлған тікелей эфирге облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, облыстық энергиетика және тұрғын үй- коммуналдық шарушылығы басқармасының басшысы Медет Усаин, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының электронды әкімдікті дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Индира Ақжігітовалар қатысты.
Тікелей эфирге облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова өзі модераторлық етіп, тұрғындардар келіп түскен сауалдарға қатысты тиісті сала басшыларының жауап беруін жүргізді.
1 сағаттан астам уақытқа созылған онлайн пікірлесу барысында тұрғындардан 500-ге жуық сауалдар түсті. Олардың басым бөлігі коммуналдық төлемдерге арлаған 15 мың теңге көлемінде болды. Мамандар мүмкіндігінше біраз сауалдарға нақты жауаптар берді. Кейбір сауалдар қайталанып та жатты. Дегенмен, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова тікелей эфир және онан кейінгі желіде қойылған сауалдардың барлығы партиялық бақылауға алынып, тиісті жауап берілетіндігін жеткізді.
Атап өту керек, бұл 15 мың теңге қаржылай көмек тікелей коммуналдық төлемдерге аударылады және бүгіннен бастап қала тұрғындары үшін 40 07 00 саІІ орталығы сондай-ақ, 15.epd.kz сайты арқылы өтініштерді қабылдау жұмыстарын бастады.