Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының полиция қызметкерлері елде төтенше жағдай енгізілуіне қарамастан ондаған адамды жинап, той ұйымдастырған ер адамды ұстап, қамауға алды.

27 наурыз күні төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспай той өтіп жатқаны туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады. Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексерд37

Видео авторының айтуынша, төтенше жағдай кезінде, заң бойынша барлық бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған кезде, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында тұрғындардың бірі тамаша мереке ұйымдастырған.

Ақпаратты алған полиция жедел түрде оның шынайылығын тексерді. Тәртіп бұзушыны табу қиын болмады. Бейне авторы кадрда іс-шара өткізілген үйдің нақты мекен-жайын көрсеткен.

«Тексеру жұмыстарының нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды. Той иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына (төтенше жағдай режимін бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды»,  – деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай режимін бұзушыға қатысты сот online режимінде өтті. Оның шешіміне сәйкес, мерекені ұйымдастырушыға 10 АЕК – 26 мың 510 теңге (шамамен 60 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынды.

Тағы да оқыңыз: