Kyzylorda-news.kz. Украинада теннистен ересектер арасында өткен халықаралық турнирде Сыр спортшысы Тимур Мауленовтің мерейі үстем болды.
Қазақстан құрамасы сапында ойнаған Тимур жұптық кезеңде жеңіске жетті.
Оның ойындағы жұбы Украина спортшысы Александр Брайнин болды. Олар бірінші айналымда украиналық жұпты, екіншісінде Украина мен Аргентина теннисшілерін, жартылай финалда Украина, ал финалда Испания спортшыларын жеңді.
Тимур Мауленов – жастар және ересектер арасында Қазақстан чемпионы, ҚР спорт шебері.Айта кетейік, ол халықаралық жарысқа Қазақстан атынан қатысып, жалғыз алтын медаль алған. Қазіргі таңда алда болатын жарыстарға тыңғылықты дайындық үстінде.