Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны арызданған.
Арызда ол қалаға жеке шаруаларымен келіп жалдамалы пәтер жалдап тұрған, қонаққа келген танысы шкафта ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан 1 200 000 теңгесін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде облыс орталығының 23 жастағы азаматшасы анықталып, ұсталды. Күдікті азаматша ҚПБ-на жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.