Kyzylorda-news.kz. Соңғы уақытта бүкіл әлемде және біздің де елімізде таралып жатқан короновирус індеті барлық жұмыс салаларына кері әсерін тигізуде.  Оның ішінде қан донорларының азаюы байқалуда.

Осы ретте қызылордалық құтқарушылар қан тапсыру жұмысына да өз үлестерін қосты. Іс-шара барысын   санитарлық–эпидемиологиялық нормаларға сай, дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып «Облыстық қан орталығының» мамандары   жүзеге асырды.

«Бір тамшы қаным – жанға араша» акциясы аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті және осы департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары», «Апаттар медицинасы орталығы» Қызылорда филиалының ұжымының қызметкерлері қан тапсырды.

Қан тапсыру шарасына барлығы 50-ден аса құтқарушылар қатысты.

Тағы да оқыңыз: