Kyzylorda-news.kz. Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Жүнісов 1921 жылы 20 желтоқсанда Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Жаңарық ауылында дүниеге келген.
1942 жылы қызыл әскер қатарына қабылданып, кіші командирлер дайындайтын курста білім алады.
Украинада 688 атқыштар полкінде ұрыста болған. Украинаны жаудан азат ету жолында ерліктің ерекше үлгісін көрсетеді.
Берлинге дейін жеткен майдангер жеңістен кейін елге қайтарылмай Берлинде қалып, қала маңында «патрульдік» қызмет атқарады.
1946 жылы елге оралған соң өз ауылында бейбіт еңбекке араласады.
Теміржол саласында жол монтері болады. Тозығы жеткен шпалдарды ауыстыру, төсеу, шегендеп қағып, бекіту секілді жұмыстарымен айналысады.
1983 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында еңбек етеді.
Фашистерге қарсы күрестегі жауынгерлік ерлігі үшін майдангер «І дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордені, «Германияны жеңгені үшін», «За боевые заслуги», «За отвагу», «КСРО қарулы күштеріне – 60 жыл», «КСРО қарулы күштеріне – 70 жыл» және бейбіт күндерде «Еңбек ардагері», «Астанаға – 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Бүгінгі күні 2 қыз, 1 ұл өсіріп, 8 немере, 2 шөбере сүйіп отыр
