Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Есімі елге белгілі қызылордалық қаһармандардың бірі Мақсұт Сырғалиев 1925 жылы 8 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданында дүниеге келген.

1943 жылы майданға аттанған.

Ресейдің Чита қаласындағы «байланысшылар взводы» ротасында байланысшы мамандығында бір жыл оқиды.

1944 жылы Батыс Европаға соғысқа аттандырылып, кейін Чита облысының Каштак селосында 36-шы армияның 34-ші атқыштар дивизиясына сержанттық мектепке оқуға жіберіледі.

1945 жылы Жапонияның Манчжурия қаласымен шекарадағы шайқасқа қатысқан.

Майданнан кейін Арал ауданының Қаратерең, Көзжетпес, Қасқабұлан ауылдарында балық шаруашылығында участок басшысы болып қызмет атқарды.

1977 жылдары Қызылорда қаласына көшіп келіп, облбаз комплектациясында қойма меңгерушісі болып жұмыс жасап, осы қызметтен зейнетке шыққан.

9 бала тәрбиелеп, 29 немере, 40 шөбере сүйіп отыр.

Тағы да оқыңыз: