Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Ұлы Отан соғысында ерлігімен ерекшеленген қыз-келіншектер де аз болмаған. Солардың бірі – Любовь Колесник.

Любовь Сергеевна 1925 жылғы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында әскери қызметшілер отбасында дүниеге келген.

Жұбайы Николай Севастьянович Колесник те соғыс ардагері.

Жергілікті медициналық техникумда оқып, кәмелет жасқа толысымен 1944 жылы әскер қатарына шақырылған.

Соғыс кезінде Белорусь фронтының дала госпиталінде медбике қызметін атқарып, ержүрек батылдығымен көзге түскен.

Соғыс аяқталған соң госпитальда жұмыс жасады.

1945 жылдың қыркүйегінде елге оралып, сол жылы Қызылорда қаласындағы локомотив депо медпунктіне фельдшер болып жұмысқа орналасты. Осы қызметтен зейнетке шыққан.

Любовь Сергеевна 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсірді.

Тағы да оқыңыз: