Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz. Адамзатты алаңдатқан Ұлы Отан соғысына аттанып, ерлік көрсеткен қызылордалық қаһармандардың бірі – Бөрібай Құлманов.

Бөрібай Құлманов 06 маусым 1920 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Амангелді ауылында дүниеге келген.

1941 жылы Калинин майданына шақырылып, Москва түбіндегі Калин майданында Ржев, Вога өзенінің бойында Петровка елді мекенін жаудан босатуда ауыр жарақат алған.

Иваново, Юматова, Уфада операция жасап, минаның жарықшағын алдырып, 3 госпитальда 6 ай емделген. Айығып шыққаннан кейін Алматыдағы №29 полкінің қарамағына армияға шақырылған азаматтарды оқытып, майданға жіберуге қатысқан.

1945 жылдың наурызында Польшаның Ченстакова және неміс қаласы Штеттин жаудан босатуға қатысты. Ржев қаласының түбінде болған соғыста көрсеткен ерлігі үшін “Қызыл Жұлдыз” орденімен, Польша, неміс Штеттинді жаудан босатуға қатысқаны үшін Отан соғысының бірінші дәрежелі орденімен, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне» медальімен және Ұлы Жеңістің 20, 25, 30, 40, 55, 60 жылдық мерекелік медальдарымен марапатталған.

1945 жылы желтоқсанда «Хоргос» шекарасы арқылы Алматыға келген.

1946 жылдың наурыз айында Степной «военный округінің» бұйрығымен армиядан босатылып, елге аман-есен оралған.

Соғыстан кейінгі еңбек жолын 1946-1947 жылдары облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінде нұсқаушы, 1947-1949 жылдары Алматы қаласында 2 жылдық партия мектебінде тыңдаушы, 1949-1950 жылдары облыстық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің нұсқаушысы, 1950-1953 жылдары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жанында ауыл шаруашылық үгіт-насихат жөніндегі бөлім меңгерушісі, 1953-1955 жылдары Қармақшы аудандық партия комитетінің ІІ хатшысы және МТС жөніндегі аймақтық хатшы, 1955-1958 жылдары Қармақшы ауданы МТС-нің директоры, 1958-1959 жылдары Қазалы ауданының партия комитетінің ІІ хатшысы, 1959-1961 жылдары І хатшысы, 1961-1963 жылдары облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, 1963-1967 жылдары облыстық партия комитетінің жанындағы мемлкеттік партиялық бақылау комитетінің бас бақылаушысы, 1967-1970 жылдары облыстық халық бақылау комитетінің бас бақылаушысы, 1970-1973 жылдары облыстық партия комитеті жанындағы партия комиссиясының мүшесі, 1973-1986 жылдары облыстық партия комитетінің жанындағы партия комиссиясының төрағасы болып, 1986 жылы Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шыққан.

Еңбек майданындағы еңбегі үшін «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет» орденімен және басқа да мемлекеттік медальдармен құрмет грамоталарымен марапатталған.

Бұл күнде 3 қыз, 2 немере, 1 шөбере сүйген ардақты да асыл ата.

Тағы да оқыңыз: