Kyzylorda-news.kz. Сырбойылық қаһармандардың бірі Әбдірахман Бәйтіков 1924 жылғы 27 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген.

1942 жылы Ашхабад қаласында командирлер дайындайтын курсқа оқуға түсіп, аяқталмастан майданға аттанған.

1943 жылы Курск доғасында ауыр жарақат алып, 2-топ мүгедегі болып, 1944 жылы 20 жасында елге оралған.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының маршалы Г. Жуковтың 2 дәрежелі медальімен, «ҰОС 40, 55, 60 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.

1944 жылы соғыстан оралған соң Кооператор (кейінгі атауы Комсомол) колхозының қой шаруашылығында учетчик, есепші және зейнет жасына дейін бригадир болып жұмыс атқарған.

Бүгінгі күні 10 баладан, 30 немере, 35 шөбере сүйіп отыр.

Тағы да оқыңыз: