Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында тәртіп сақшылар жоғалған жылқыларды иесіне тауып берді.

23 қыркүйек күні Қызылорда облысы ПД-ң Шиелі аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Жаназар батыр ауылының «Ашы құдық» деген жерде өрісте жайылып жүрген 17 бас жылқысының жоғалып кеткендігі туралы шағым түсті. Тез арада хабарлама бойынша жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Тартоғай ауылы маңында жылқылардың жайылып жүрген жерінен тауып егесіне табыстады.

Тексеру кезінде қараусыз қалған жылқылар күнделікті бағытынан адасып жоғалғандығы анықталды.

Мал иесі қызылордалық полицейлерге алғысын білдірді.

Тағы да оқыңыз: