Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны арыз түсірді.
Белгілі болғандай, кешкілік уақытта белгісіз біреулер шаштараз ішінен банкомат карточкалары мен құжаттарын, «Самсунг» үлгісіндегі флешка және ақшасы салынған әмиянын ұрлап кеткен. Қазіргі таңда жәбірленушіге келтірілген шығын есептелуде.
Ақсай полиция бөлімінің полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті ретінде 23 жастағы қала орталығының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толықтай мойындады.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.