Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 17 қаңтардан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында шет елдерден әкелінген көлік құралдарын тіркеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Орталыққа келген көлік иелерін полиция қызметкерлері тіркеу ережелерімен толығымен таныстырып, азаматтардың барлық сұрақтарына жауап береді. Мұнан өзге, қазіргі уақытта 100-ге жуық азаматқа түсіндірме жұмыстарын жасады. Бұған қоса, полицейлер тұрғындарға апта бойы демалыссыз түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар, облыс тұрғындары мен қонақтары қосымша ақпарат алу үшін СаІІ орталығына 8-747-514-19-30 телефоны арқылы хабарласуына болады.

Айта кетейік, 2021 жылдың наурызына дейін қазақстандағы барлық автокөліктер тіркелуі керек.

Тағы да оқыңыз: