Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығы мен ІІО Ардагерлер кеңесі дәрігер-әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтады.

Тәртіп сақшылары медицина қызметкерлері күні қарсаңында ведомстволық емхана қызметкерлеріне тынымсыз еңбектері үшін алғыс білдірді.

Емхананың дәрігер-терапевті Райкүл Сейтенова, хирург Мұхтар Туйгунов, дәрігер-бактериолог Гульнара Ахметова, аяжан Раушан Түлкібаева грамоталармен, емхананың аяжаны Айгүл Бакеева, лаборант Айгерім Жаппасбаева алғыс хатпен марапатталды.

Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтай отырып, Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Әміржан Өтегенов дәрігерлер мен медбикелердің еңбегін атап өтіп, олардың барлық бастамаларына сәттілік тіледі.

Тағы да оқыңыз: