Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық полицейлер жол-көлік оқиғаларын алдын алу мақсатында балалар тасымалымен айналысатын барлық балабақшалар өкілдерімен кездесу өткізді.

Облыс көлемінде орналасқан балабақшалар мен мектепке дейінгі ұйымдардың балаларын тасымалдауға арналған көлік құралдарын анықтап,техникалық жай-күйіне тексеру жұмыстарын жүргізу мақсатында, қыркүйек айының 15-22 күндері, яғни, бүгіннен бастап «Балабақша» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Осыған орай, Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлы түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін, қала көлеміндегі барлық балабақшалар өкілдерімен кездесу өткізді.

Қызылорда облысы көлемінде қазіргі таңда 603 мектепке дейінгі білім беру ұйымдары тіркелген, Оның ішінде 441 жекеленген балабақша, 162 мемлекеттік балабақша және 76 шағын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бар.

Сондықтан жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыр зардапты жол апаттарына жол бермеу мақсатында, мектепке дейінгі мекемелерде және балабақшаларда балаларды тасымалдауымен айналысатын көліктерге қойылатын талаптар жөніндегі ақпарат қатысушыларға жеткізілді:

ҚР Үкіметінің 13.11.2014 жылғы №1196 санды қаулысымен бекітілген «Жол жүрісі қағидалары» нормативтік құжатына сай, балалар тасымалдауымен айналысатын көліктерді сәйкестендіруге;

— «Балаларды арнайы ұстау құрылғысы немесе баланы қауіпсіздік белдігінің көмегімен отырғызып қоюға мүмкіндік беретін көлік құралының конструкциясында көзделген өзге де құралдар болмаған кезде, ал механикалық көлік құралының алдыңғы орындығында балаларды арнайы ұстау құрылғысы болмаған кезде тасымалдауға тыйым салынады»;

— «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады»;

— «Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталады. Бұл автобустардың алдында және артына «Балалар тасымалы» деген таным белгілері орнатылады»;

— «Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде 25 (жиырма бесте), тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 (бес) жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдануына рұқсат етіледі»;

— «Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс» — делінген.

«Балаларды тасымалдауға арналған автобустар», Техникалық талаптар және сынау әдістері мемлекетаралық стандарты нормативтік құжатының талаптарына сәйкес ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті болуы және онда 8 литрлік 2 өрт сөндіргіш құралы (огнетушитель), 2 дәрі-дәрмек қобдишасы болуы тиіс екендігі көрсетілген.

«Аталған талаптарды орындамаған көлік жүргізушілеріне қатысты, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес айыппұл салынады. Осы ретте, аталған талаптарды және жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз», — деп ескертті Қызылорда облысы полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрмахан Пазылов.

Тағы да оқыңыз: